Астанада хоккейден халықаралық турнир өтеді

Елордада 4-7 ақпан аралығында «Eurasia Jastar Cup -2023» атты халықаралық хоккей турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, Қазақстан мен Беларусь елінің 18 жасқа дейін құрамасы, Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасы және Ресейдің қыздар құрамасы қатысады. Матч айналмалы жүйе бойынша өтеді. Осы кубок аясында 3×3 форматындағы ойындар да болады. Матчтардың кестесі:
4 ақпан, 14:00 — Ресей U 16 — Ресей әйелдер құрамасы.
4 ақпан, 18:00 — Қазақстан U 18 — Беларусь U 18
5 ақпан, 14:00 — Беларусь U 18- Ресей U 16
5 ақпан, 18:00 — Қазақстан U 18 — Ресей әйелдер құрамасы.
7 ақпан, 15:30 — Беларусь U 18 — Ресей әйелдер құрамасы
7 ақпан, 19:30 — Қазақстан U 18 — Ресей U 16.
3×3 форматындағы турнир, 6 ақпан:
19:00 — Қазақстан U 18 — Ресей әйелдер құрамасы
19:50 — Ресей U 16 — Беларусь U 18
20:40 — Үшінші орын үшін ойын
21:30 — Финал.