«Шахтерге» грузиялық қорғаушы келді

«Шахтерге» грузиялық қорғаушы келді
Футбол

Қарағандының «Шахтер» клубына грузиялық қорғаушы Антон Толордава келді, деп хабарлайды  Bassport.kz.

26 жастағы футболшы «кеншілердің» оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан жерге келді. Толордаваның соңғы командасы Сербияның «Раднички» клубы болатын. Ол сонымен қатар Грузияның «Телави» және Эстонияның «Левадияның» командаларында ойнаған.

Айта кетейік, «Шахтер» бұл күндері Түркияда жаңа маусымға дайындалып жатыр. Команда алда бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.