Рыбакинаның қарсыласы ПСЖ-ның фанаты болып шықты

 Рыбакинаның қарсыласы ПСЖ-ның фанаты болып шықты
Теннис

Беларусь қызы Виктория Азаренко Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында отандасымыз Елена Рыбакинамен кездеседі. Осы ретте атақты спортшыға қатысты қызықты факт бар. Ол ПСЖ фанаты болып шықты, деп жазады Bassport.kz.

Жалпы, Мельбурнге келген қыздар арасында бұл жарысты бұрын-сонды ұтқан екі теннисші ғана болған. Оның біреуі осы Азаренко, екіншісі София Кенин. Қызығы, екеуі бірінші айналымда өзара кездесіп, Азаренко жеңіске жетті. Теннисші биыл жарыстан кейін баспасөз жиындарына Париж клубының формасымен келуді әдетке айналдырған. Оның себебін енді түсіндірді.

Маған бәрі осы сұрақты қояды. Мен 2012 жылдан бері ПСЖ-ға жанкүйермін. Өйткені Париж клубы сол кезде Бекхэммен келісімшартқа отырды. Мен оның бұрыннан фанатымын. Ұлым Лео да футболға қызығады. Бірақ екеуіміз екі түрлі атаймыз. Мен футбол, ол соккер дейді. Сөйтіп, таласамыз, - дейді теннисші.

Виктория баласы ПСЖ-да ойнауды армандайтынын да айтып қалды.