Рыбакинаға кім басты қарсылас болады? Ресейлік маман жауап берді

Рыбакинаға кім басты қарсылас болады? Ресейлік маман жауап берді
Теннис

Бүгін Австралия ашық біріншілігінде Елена Рыбакина әлемнің 17-ракеткасы Елена Остапенконы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Әйгілі ресейлік теннисші Евгений Кафельников Рыбакинаға кім кедергі болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған Bassport.kz.

"Рыбакина өте сенімді ойнайды, өз күшіне сенімді. Ол Остапенконы еш қиындықсыз жеңгендей көрінді. Оның жолы ашық. Оған тек Арина Соболенко ғана басты қарсылас атануы мүмкін. Десе де, Рыбакинаны жеңіске басты үміткер деп санаймын. Еленаның әлемде бірінші ракетка болуына аз қалды. Ол өзіне ұпай әкелетін ірі жеңістерді әлі ұтады", - деді Кафельников.

Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы ертең, Азаренко/Пегула арасындағы матч аяқталған соң анықталады.