Қазақстан құрамасы Универсиаданы нешінші орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Универсиаданы нешінші орынмен аяқтады
Қысқы спорт

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында қысқы Универсиада ойындары аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленіп, әлемдік сынды 11-орында тәмамдады. Біздің спортшылар еншісінде үш алтын, төрт күміс және төрт қола медаль бар. 

Жалпы есепте 48 медальмен Жапония көш бастаса, 29 медаль алған Оңтүстік Корея екінші орында. Үшінші сатыны 13 медальмен Канада құрамасы иеленген. 

Қазақстан сапынан алтын медальді биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков және "қанатты" шаңғышы Данил Васильев жеңіп алды.