«Интердің» экс-ойыншысы «Ақтөбе» сапына ауысты

«Интердің» экс-ойыншысы «Ақтөбе» сапына ауысты
Футбол

gettyimages.be

«Ақтөбе» футбол клубы жазғы трансферлік терезе кезінде қорғаныс шебін айтарлықтай күшейтіп, бельгиялық легионер Сенна Малик Миангемен ресми келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ақ-қызылдар сапына қосылған 29 жастағы орталық қорғаушы бұған дейін венгерлік «Дьор» клубында өнер көрсеткен, ал оған дейін италиялық Серия А-да «Интер» және «Кальяри» жейдесін киген. Бойы 192 сантиметр болатын алып футболшы алаңда орталық шепте де, сол қанаттағы латераль позициясында да тиімді ойнай алады.

Тараптар арасындағы келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды болады.