Роналду Мессимен құшақтасқан суретін желіге салып қойды

Роналду Мессимен құшақтасқан суретін желіге салып қойды
Футбол

Кеше Эр-Риядта "ПСЖ" мен "Әл-Наср" және "Әл-Хилал"  жұлдыздарының қатысуымен кездесу өтіп, париждік команда 5:4 есебімен жеңіске жетті. Ал көпшілік асыға күткен Роналду мен Месси матчтан голсыз кеткен жоқ.

Кездесуде Роналду екі гол соқса, Месси бір рет көзге түсті. Жанкүйерлері жиі салыстыратын екі ойыншы матч кезінде өзара әңгімелесіп, қол алысып, құшақтасып үлгерді. 

Одан бөлек, екі ойыншы да әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерін бөлісті.