Александр Нойок қайтадан «Қызылжар» ойыншысы атанды
Футбол
kazfootball.kz
Тәжірибелі украиналық тірек жартылай қорғаушысы Александр Нойок ресми түрде петропавлдық «Қызылжар» футбол клубына қайта оралды, деп хабарлайды Bassport.kz.
34 жастағы футболшы маусым басында ауысып кеткен «Атырау» клубымен келісімшартын өзара тоқтатып, солтүстікқазақстандық ұжыммен жаңа еңбек шартына қол қойды.
Тәжірибелі ойыншы осы маусымның алғашқы бөлігінде «Атырау» сапында 17 кездесу өткізіп, команданың негізгі тірегі болған еді. Алайда тараптардың өзара келісімімен бұл еңбек шарты бұзылды.
Донецктің «Шахтер» клубының түлегі саналатын Нойок бұған дейін де (2025 жылғы маусымда) петропавлдық ұжымның намысын қорғап, 26 матчта алаңға шыққанын айта кеткен жөн.