Қазақстан чемпионатының тағы екі командасы маусымның финалдық кезеңіне өтті

Қазақстан чемпионатының тағы екі командасы маусымның финалдық кезеңіне өтті
Хоккей

Хоккейден Қазақстан чемпионаты тұрақты маусымының кезекті ойын күнінен кейін плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы екі команда белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Атыраулық "Бейбарыс" сырт айдында "Алматы" командасына қарсы өткізген алғаншық матчында сенімді жеңіске қол жеткізді - 5:2. Бұл жеңіс атыраулық команданың маусымның финалдық кезеңіне жолдама алуына мүмкіндік берді. 

Алматыда өткен бұл матч тағы бір команданың плей-офф жолдамасын иеленуіне жағдай жасады. Ташкентте "Хумодан" 1:7 есебімен жеңілген "Ақтөбе" Кубок үшін таласатын 8 команданың алтыншысы болып қатарға қосылды. 

Қазіргі таңда плей-офф кезеңінде сынға түсетін сегзі команданың алтауы анықталды, олар: "Сарыарқа", "Номад", "Хумо", "Арлан", "Бейбарыс" пен "Ақтөбе". 

Қоржындарында 37 және 36 ұпайдан бар "Горняк" пен "Құлагер" турнирлік кестедегі үздік сегіздікті түйіндеп тұр.