"Қарабах" капитаны "Астананың" келісімшартқа ірі сома жазып бергенін айтты

Футбол

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған Әзірбайжанның "Қарабах" клубының капитаны Максим Медведевке бір кездері "Астанадан" ұсыныс түскен, деп жазады bassport.kz.


Тәжірибелі ойыншы Metbuat.az жергілікті басылымына берген сұхбатында "Астана" командасынан ұсыныс болғанын айтты. Елорда клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен кейін хабарласқан. 

Бұл бір қызықты ұсыныс болды. Келісімшартта үлкен сома жазылды. Алайда, "Қарабахта" қалуға шешім қабылдадым, - дейді Медведев.


Айта кетейік, "Қарабах" Әзірбайжан командаларынан алғаш болып, 2017 /2018 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған. 33 жастағы қорғаушы "Қарабах" клубында 2006 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол 8 рет Әзірбайжан чемпионы атанып, бес рет ел кубогын жеңген. Ұлттық құрамада 2009 жылдан бері ойнап жүр.  Transfermarkt футболшшыны 300 еуроға бағалаған.