Қазақстандық маман “Астанада” жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық маман “Астанада” жаңа қызметке тағайындалды
Футбол

“Астана” футбол клубының жастар командасы бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Сапар Қарынбаев тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол 6 жыл бойы “Астана” футбол клубының жүйесінде еңбек етіп келеді. Бұған дейін ол “Астанп-М” командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. 

Ал Сапар Қарынбаевтың көмекшісі болып Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Антон Чичулин тағайындалды. 

2023 жылғы маусымда “Астананың” жас командасы Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсетуін жалғастырады.