Данияр Елеусінов мансабының шырқы бұзылғанына кім кінәлі екенін айтты
Бокс
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елесуінов мансабының жоғары деңгейде жүруіне кім кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
31 жастағы спортшы бокс әлеміне әйгілі промоутер Эдди Хирннан кетіп, Зия Әлиевпен бірге жұмыс істей бастаған. Осылайша, Елеусінов екі жыл ішінде тек бір жекпе-жек өткізген. 2021 жылдың желтоқсанында өткен кездесуде Данияр Елеусіновтің ІВО тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын алғанымен, титулын қорғамағаны үшін белбеуінен айырылып қалды.
“Бұл - менің менеджерлерімнің қатесі. Олар Эддимен жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін жекпе-жектер өткізуіме кедергі болды”, - деп айтты Данияр Елеусінов.
Елеусінов соңғы рет аргентиналық Хуан Эрнан Леаомен кездесіп, жеңіске жеткенін еске сала кетейік.