"Ақтөбеден" жеті ойыншы кетті

Футбол

Келер маусымда "Ақтөбе" сапында жеті ойыншы өнер көрсетпейді. Бүгін клуб командамен келісімшартын бұзып, мансабын өзге командада жалғастыратын ойыншыларды жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ақтөбелік командада бір жарым маусым өнер көрсеткен шабуылшы Виталий Балашов пен африкалық жартылай қорғаушы Йоахим Адукор, былтыр клуб сапын толықтырған сербиялық қақпашы Саша Стаменкович, ганалық форвард Эрнест Антви, ресейлік аяқдопшылар Руслан Камболов пен Сердер Сердеров, сондай-ақ молдовалық қорғаныс ойыншысы Владимир Гинаитис кәсіби мансаптарын өзге клубтарда жалғастырады.