Бокстан Олимпиада чемпионы түрмеге қамалды

Бокстан Олимпиада чемпионы түрмеге қамалды
Бокс

Арты адам өліміне әкелген автокөлік апатына тікелей қатысы бар Жартылай орта салмақтағы экс әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы кубалық Юриоркис Гамбоа түрмеге қамалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

 Кубада түнгі уақытта көлік тізгіндеген боксшы жарықтандырылмаған көшеде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші сол мезетте дүниеден өткен. Алайда Гамбоа ішімдік ішпеген және есірткі қолданбаған. 

Еске салайық, Юриоркис Гамбоа кәсіби мансабын 2007 жылы бастап, 16 жылға жуық уақытта 35 жекпе-жек өткізіп, оның отызында жеңіске жетсе, бесеуінде қарсыластарына есе жіберген. Ол соңғы рет 2022 жылдың сәуір айында Айзеку Крусумен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.