2022 жылғы әлем чемпионатында сенсация жсасаған құраманың бас бапкері анықталды

2022 жылғы әлем чемпионатында сенсация жсасаған құраманың бас бапкері анықталды
Футбол

Жапония футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Хаджиме Мориясумен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

54 жастағы маманмен жаңа келісім 2026 жылға дейін жасалды.

«Бұл ең бақытты жұмыс. Маған әлемдік аренада бәсекелесуге және жапондық болғанымды мақтан етуге мүмкіндік береді. Сондықтан мен ұсынысты қабылдауды шештім», - деді Мориясу.

Хаджиме Мориясу 2018 жылдан бері Жапония құрамасының бапкері. 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында оның жетекшілігімен Жапония құрамасы бірден екі сенсация жасады: топтық кезеңде Германия (2:1) мен Испанияны (2:1) ұтып, іріктеу кезеңінен бірінші орынмен шықты. 1/8 финалда Жапония Хорватиядан пенальтилер сериясында жеңіліп қалды (1:1, пен. - 1:3).