Жүкембаев пен Ахмедовтың жекпе-жегін ұйымдастырушыларға санкция салынды
Бокс
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы 24 желтоқсан күні Алматыда өткен бокс кешінің ұйымдастырушыларына қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының заң комиссиясының 26 желтоқсандағы шешімімен WBA, WBC, WBO, IBF халықаралық ұйымдарының ережелері мен нұсқауларын бұзғаны үшін ҚКБФ Boxing Stars management (промоутері - Зия Әлиев) пен Luckу Cent (промоутері - Руслан Задарновский) промоушн компанияларының Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастыру құқығынан айырды", - деп жазылған федерацияның ресми мәлімдемесінде.
Еске салайық, бұл бокс кешінде Батыр Жүкембаев та, Садриддин Ахмедов та өз қарсыластарын нокаутпен жеңген болатын.