Месси жақын аралықта "ПСЖ" сапында ойнамайды

Месси жақын аралықта
Футбол

Енді ғана әлем чемпионы атанған Лионель Мессидің жақын арада алаңға оралуы әзірге белгісіз, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

35 жастағы шабуылшы Аргентина құрамасына әлем чемпионатында көптен күткен жеңіске жетуге көмектесті және өзі турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

"ПСЖ" сапында алдағы матчтарда Мессидің ойнауы екіталай. Оның қаңтардың ортасына дейін алаңға оралу ықтималдығы өте аз. Әлем чемпионатының жеті матчында Лионель Месси жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ағымдағы клубтық маусымдағы 19 матчта шабуылшы 12 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

28 желтоқсанда ПСЖ Францияның 1-лигасы аясында Страсбургке қарсы ойнайды.