Дешам Бенземадан командадан кетуін сұраған

Дешам Бенземадан командадан кетуін сұраған
Футбол

"Реал Мадридтің" шабуылшысы Карим Бенземаның мүддесін қорғайтын футбол агенті Карим Джазири Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамға ренішін білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ол дәрігерлерге жарақатының суреттерін көрсеткенін және олардың қорытындысы бойынша әлем чемпионатының 1/8 финалында команда сапында ойнауға болатынын айтқан.

"Мен Карим Бенземаның рентген қорытындысын алып үш арнайы маманмен кеңестім, олардың айтуынша Бензема турнирдің 1/8 финалына дейін жақсы формада болады немесе кем дегенде, қосалқы топта болуы мүмкін еді. Дешам, неге тез арада командадан кет дедіңіз?" – деді, Карим Джазири.

Еске сала кетейік, Бензема әлем чемпионатына дайындық кезінде жарақат алып, Дешамның шешімімен командадан кеткен болатын. Содан кейін шабуылшының киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераны бұзғаны туралы ақпарат шықты, оның жоқтығына көптеген ойыншылар қуанған. Франция әлем чемпионатынан күміс алған соң, Бензема ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын хабарлады.