Лас-Вегастағы триумф: Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды
ҰОК
АҚШ-ның Невада штатында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Еркін күрес шебері Мерей Базарбаев 57 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, әлемдік тәжге ие болды. Шешуші финалдық бәсекеде отандасымыз түркиялық балуан Бекир Кесерден айқын басым түсіп, жеңіске жетті.
Мерей Базарбаевтың чемпиондық жолына қысқаша тоқталар болсақ. Ол алғашқы айналымдарда жастар арасындағы әлем чемпионы, америкалық Люк Лилледальді 3:1 есебімен қапы қалдырса, одан кейін франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалдық сында жапониялық Дайто Кацумэні 7:0 есебімен жеңіп, финалда да сол екпінді сақтап, Қазақстан әнұранын АҚШ төрінде шырқатты.