Фируза Шәріпованың кәсіпқой бокс турнирінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Фируза Шәріпованың кәсіпқой бокс турнирінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Бокс

23 желтоқсан күні Ресейдің Челябинск облысында Pravda old school boxing кәсіпқой бокс кеші өтеді. Турнирде бақ сынайтын спортшылар қатарында қазақстандық Фируза Шәріпова да бар және оның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой бокстаға ұзақ күткен әрі тарихи жекпе-жегіндегі қарсыласы танзаниялық Фериче Машаури болмақ. Осыдан бір жыл бұрын Фируза Шәріпова тәжірибелі әрі танымал Кэти Тейломен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан. Одан кейін спортшы екі рет ММА турниріне қатысып, жеңімпаз атанған. 

Сондай-ақ алғаш рет  PRAVDA рингінде әйелдер жұдырықтасатынын еске сала кетейік.


Дереккөз: championat.com