"Маған бәрібір": Войцех Щенсный пенальти үшін Мессимен бәс тігіп, ақшасын берген жоқ

Футбол


Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсный пенальти үшін Мессимен бәстесіп, ұтылып қалған, деп жазады Bassport.kz.


Аргентинамен арадағы матч кезінде төреші Польша қақпасына пенальти белгіледі. Бірақ бұл айып добының қаншалықты дұрыс екені жанкүйерлер арасында күмән қалдырған.


Войцех те пенальти бермейтініне сенімді болса керек. Мессимен 100 еуроға бәстесіп, өз қақпасына айып добы қойылмайтынын айтады. Алайда, төреші VAR арқылы пенальт белгілеп, кейін Войцех Лионельдің добын қайтарған болатын.


«Мен онымен 100 еуроға бәстестім. Бұл үшін маған шара қолдана ма, білмеймін. Бірақ маған бәрібір. Мессиге де ақша бермеймін. Оның ақшасы көп қой, бұл үшін ренжімейтін шығар», - деп әзілдеді қақпашы.