"Астана" футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Футбол

"Астана" футбол клубының директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бұған дейін Игорь Владимирович Павлюк футбол орталығының менеджері және "Астана" ФК негізгі командасының аға әкімшісі қызметтерін атқарған. 

Ол кәсіби футболшы ретіндегі кәсіби мансабын 1997 жылы шортандылық "Автомобилист" клубында бастаған. 2005 жылға дейін "Химик" (Степногорск), "Астана", "Жеңіс", "Ақмола" (Степногорск), "Екібастұз-НК", "Есіл" (Көкшетау), "Оқжетпес командаларында өнер көрсеткен. 

Осы маусымда "Астана" футбол клубы жтінші мәрте ел чемпионы атанғанын естеріңізге сала кетейік.