Нэйт Диас UFC-ден кетті

Нэйт Диас UFC-ден кетті
Жекпе-жек

Аралас жекпе-жектен танымал америкалық спортшы Нэйт Диас UFC промоушенінен кетті. Бұл ақпарат UFC Roster Watch Twitter парақшасында жарияланды. Осылайша, ол тәуелсіз агентке айналды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Америкалық спортшының басқа лигаға ауысуы әбден мүмкін. Ол UFC-дегі соңғы кездесуін отандасы Тони Фергюсонға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен. Ол қарсыласын төртінші раундта нокаутпен жеңген. Диас 2021 жылы UFC 263 турнирінде ағылшындық Леон Эдвардсқа жеңілгеннен кейін, промоушенде бір жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген. Бұған дейін спортшының боксқа ауысып, танымал блогер Джейк Полмен жұдырықтасады деген ақпарат кең тараған.