Қазақстандық гимнастшылар әлем чемпионатында қола жүлде енішледі

Қазақстандық гимнастшылар әлем чемпионатында қола жүлде енішледі
Басқа

Эстетикалық топтық гимнастикадан Австрияның Грац қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетіп, қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Әлем біріншілігінде Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының командалары ел намысын қорғады және 25-26 қараша күндері қазақстандық спортшылар сеньорлар (16 жастан жоғары) мен жасөспірімдер (14-16 жас) арасында жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Сеньорлар арасындағы командалық сында Шымкент қаласының "Кармелиты", алматылық "Кербез" және астаналық "Афродита" командалары қола жүлдегер атанды. Ал 14-16 жас арасындағы жасөсіпірімдердің командалық жарысында Алматы қаласынан келген "Sunrise" және "Кербез Элит" командалары мен астаналық "Самұрық" тобы қоланы қанжығаға байлады. 


Сондай-ақ, әлем чемпионаты аясында халықаралық IFAGG Trophy турнирі өтті. Осы жарыста Астана қаласының "Alan Junior" командасы қысқа бағдарламасын көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты 200 жылдан бастап өткізіліп келеді, ал келер жылы әлем біріншілігі Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.