Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімет жарияланды
Бокс
Америкалық комментатор Дэн Каноббио қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты жаңа ақпарат алдым. Спортшы өзі жүріп, сөйлей алады. Барлығын түсініп, жақсы көңіл-күйде жүр", деді Каноббио.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) WBA-дің екінші орта салмақтағы «қарапайым» чемпионы – кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6КО) жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң жасанды комаға түсті.