Евсеев өзбекстандық теннисшіден ұтылды

Евсеев өзбекстандық теннисшіден ұтылды
Теннис

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Майя қаласында өтіп жатқан турнирде өзбекстандық теннисшімен кездесіп, жеңілді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

1 сағат 28 минутқа созылған жарыс финалында отандасымыз өзбекстандық спортшы Денис Истоминнен 3:6, 3:6 есебімен ұтылды. 

Еске салайық, Денис Евсеев ATP рейтингінің 293-сатысында орналасқан.