Батыр Жүкембаев WBC титулы үшін жұдырықтасады

Батыр Жүкембаев WBC титулы үшін жұдырықтасады
Бокс

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) 24 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Спортшы  Алматыдағы бокс кешінде WBC Asia титулы үшін жұдырықтасады. Алайда отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз.

Батыр Жүкембаев соңғы рет рингке былтыр желтоқсан айында шыққан. Ол кезде боксшы Монреалда (Канада) 69 секундта мексикалық Хуан Хосе Мартинесті (28-11, 20 КО) нокаутқа түсірген еді.