Италиялық шабандоз "Астанамен" келісімшартын ұзартты

Италиялық шабандоз
Басқа

2022 жылдың шілде айының соңында "Астана" велокомандасымен келісімшарт жасасқан италиялық шабандоз Кристиан Скарони тағы бір маусым қазақстандық ұжымның намысын қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

25 жастағы велошабандоз таулы жерлердегі жарыстарда өзін жақсы көрсете білген, болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Ол биылғы маусымның өзі үшін күрделі болғанына қарамастан, "Адриатика-Ионика" кезеңдерінде екі рет жеңіске жетті және бір күндік "Коппа Бернокка" жарысында үздік ондықтың қатарына еніп, жетінші орыннан бой көрсеткен. 

"Астатаның" артқан сенімі мен берген мүмкіндігінің арқасында соңғы жарты жыл ішінде әлемдік турға жақсы дайындалдым. Командаға сіңісе алдым деп ойлаймын, оған көп спорт директорларымен және велошабандоздармен таныс болғаным әсер етті. Жарты жыл ішінде команданың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуі үшін көп еңбек еттім және келісімшартты ұзартуымыздың мен үшін маңызы зор. Astana Qazaqstan Team-де өткізген уақытымда маған көп қолдау көрсетілді және мен команда құрамында қалғаным үшін қуаныштымын. Әлемдік турда өнер көрсету мен үшін жаңа әрі үлкен қадам, бірақ мен оған дайынмын. Велошабандоз және командалық ойыншы ретінде даму үшін барымды саламын", - деді Кристиан Скарони.