Михаил Кукушкин ақтық сынға жолдама алды

Михаил Кукушкин ақтық сынға жолдама алды
Теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италия Андрия қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің фрналдық кезеңіне өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жартылай финалда Кукушкин венгриялық Мартон Фучовичпен кездесіп, екі сетте де 6:4 есебімен жеңген. Осылайша, қазақстандық спортшы ақтық сынға жолдама алды. Чемпиондық атаққа таласта Кукушкин швейцариялық Леандро Реидимен сынға түседі.

Италиядағы турнирдің жүлде қоры - 45 730 еуро. Жеңімпаз 6190 еуро мен 80 рейтингілік ұпайды еншілейді.