Сергей Морозов жекпе-жегінің аңдатпасы жарияланды

Сергей Морозов жекпе-жегінің аңдатпасы жарияланды
Жекпе-жек

UFC промоушыны қазақстандық файтер Сергей Морозов жекпе-жегінің аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Отандасымыз америкалық спортшы Джорни Ньюсонмен (10-3-1) кездеседі. Жекпе-жек 18 желтоқан күні UFC Vegas 66 турнирі аясында өтеді. 

Морозов UFC-де бұған дейін 4 кездесу өткізді. Оның екеуінде жеңсе, екеуінде ұтылды. 

Айта кетейік, бұл жарыста Дамир Ысмағұлов та өнер көрсетеді. Спортшы Арман Царукянмен жұдырықтасады.