Қазақ боксшы қызы Испанияда туымызды желбіретті

Қазақ боксшы қызы Испанияда туымызды желбіретті
Бокс

Испанияда бокстан жастар арасында әлем чемпионатында қазақ қызы алтын жүлде иегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Элина Базарова 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуде неміс боксшысы Куцохристоу Крисовалантуды айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, Қазақстан боксшылары қатарынан алғашқы алтын медальді қоржынымызға салды.

Айта кетейік, бокстан жастар арасында әлем чемпионатының финалына тағы үш боксшымыз шықты. Бүгін 67 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Мурсал өзбекстандық Джавохир Умматалиевпен, Дәулет Төлемісов (75 келі) тағы бір өзбекстандық спортшы Турабек Хабиббуллаев және Бақыт Сейдіш (66 келі) неміс боксшысы Карлотта Шуенеманмен жұдырықтасады.