Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италияның Андрия қаласында өткен ATP Challenger сериясы турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ол екінші айналым матчында бельгиялық Микаэль Грицті 6:1, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Ойын уақытының бір сағаты мен 42 минутында Михаил қайтарымсыз үш соққы жасады, және төрт брейкті сәтті орындады.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Кукушкиннің қарсыласы австриялық Юрий Родионов болады.