Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Жекпе-жек

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Отандасымыз ертең, 26 қараша күні Азияның ең мықты лигаларының бірі "Brave"-те төртінші жекпе-жегін өткізеді. Қазіргі уақытта лиганың жеңіл салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған Асу Индонезияда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы - филиппиндік Кенет Манингат болады.

Турнирдің басталуы Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады. Ал отандасымыздың жекпе-жегі 20: 00-де өтеді. 

Еске салайық, Асу бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. 12 рет өткізген кездесудің барлығы жеңіспен аяқталған. Соңғы жекпе-жегі 30 шілде күні өткен. Сол кезде спортшы Зака Маковскиден басым түскен еді.