Бүгін "Барыс" мерекелік формада ойнайды

Хоккей
Бүгін астаналық "Барыс" "Спартакпен" болар матчта өзінің 23-жылдығын атап өтеді. Осы мерекеге орай, команда арнайы жасап шығарылған баламалы формада өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Мерекелік формада Қазақстанның 23 қаласының көркем жерлері бейнеленген. Мәселен, ойын жейдесінен "Байқоңыр" ғарыш айлағының, Қарағандыдағы "Шахтерская слава" монументінің, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің, Семей қаласындағы аспалы көпір мен еліміздің өзге қалаларының белгілі жерлері мен ғимараттарын көруге болады. Бұл арқылы клуб әр қаладағы жанкүйер "Барыстың" бір бөлігі екенін көрсеткісі келген.