Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің келесі кезеңіне өтті
Теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италияның Андрия қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші кезеңінде де сәтті өнер көрсетіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Андрия қаласындағы теннис бәсекесінің екінші кезеңінде Кукушкиннің қарсыласы бельгиялық Микаэль Гиртц болды. Әлемнің 223-ракеткасы Кукушкин қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен 1 сағат 40 минутта жеңді. 

Матч барысында Михаил Кукушкин 3 эйс жасап, бір де бір қосарланған қателік жібермеген.