Қазақстанда тұңғыш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді
Қысқы спорт

2023 жылдың 4-12 наурыз аралығында тарихта тұңғыш рет Қазақстанда биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарлануда.

Келесі көктемде екі апта бойы Щучинск спорттық іс-шаралардың орталығына айналады - әлемдегі ең мықты, жас биатлоншылар жарыстың бес түрі бойынша 18 додада жүлделер үшін таласқа түседі.