Жалғас Жұмағұловтың соңғы жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

Жалғас Жұмағұловтың соңғы жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды
Жекпе-жек

19 қарашадан 20-на қараған түні қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы және соңғы жекпе-жегін өткізді. Америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасқан отандасымыздың тапқан ақшасының көлемі белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz

Жекпе-жек Джонсонның жеңісімен аяқталды. Бұнымен келіспеген Жұмағұлов енді октагонға шығуды жоспарламайтынын және спорттық мансабын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді.

Thesportsgrail пен Totalsportal порталдарының мәліметі бойынша, спортшы бұл жекпе-жек үшін 31 мың доллар немесе 14,39 миллиона теңге, сондай-ақ, жеңілісі үшін тағы бес мың доллар ақша тапқан. 

Бұл Жұмағұлов үшін UFC-дегі ең үлкен табыс.