Қазақстан конькишілері әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстан конькишілері әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті
Қысқы спорт

18-20 қараша аралығында Нидерландының Херенвен қаласында конькимен сырғанаудан әлем кубогының екінші кезеңі өтті. Жарысқа 28 елден 229 спортшы қатысты, деп хабарлайды bassport.kz тілішісі. 

Ел намысын келесі спортшылар қорғады: Надежда Морозова, Алина Дауранова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Артур Галиев, Демьян Гаврилов, Виталий Щеголев, Бақдәулет Сағатов.

Надежда Морозова А тобында, 1500 метр қашықтықта 1:54:86 нәтижесін көрсетіп, мәреге төртінші болып келді.

Дмитрий Морозов B дивизионында 1500 метрге жүгіруде бірінші болды. Ол үздік нәтиже көрсетіп(1:45.95), мықтылар тобына жолдама алды. Әлем Кубогының келесі кезеңінде Морозов А дивизионында өнер көрсетеді.

Алина Дауранова В дивизионындағы әйелдер арасында 500 метрге жүгіруде екінші болды. Спортшы 38.75 уақытты көрсетіп, жеке рекордын жаңартты. Бұл нәтиже спортшыға келесі ЭКК-де А тобына түсуге мүмкіндік берді.