Абылайхан Хұсайынов екі жылдан соң рингке қайта оралады

Бокс
Қазақстандық боксшы Абылайхан Хұсайынов (11-0, 8 КО) екі жылдан соң рингке қайта оралады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі BoxRec.com сайтына сілтеме жасап.
Хұсайыновтың келесі жекпе-жегі 16 желтоқсан күні Алматыда өтеді. Отандасымыздың қарсыласы - бразилиялық Андерсон Денер (6-2, 5 КО). Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа созылады деп күтілуде.
Айта кетейік, Абылайхан соңғы рет 25 қазан 2020 жылы ресейлік Руслан Берчукпен (13-13, 4 КО) жұдырықтасып, жеңген болатын.