Қазақстандық боксшылардың IBF рейтингіндегі орны белгілі болды
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орында қалды. Бұл дивизионда әлем чемпионы - мексикалық Саул "Канело" Альварес, ал рейтингтің бірінші орнында британдық боксшы Уильям Скалл. Екінші орын бос болса, үшінші орында — американдық Калеб Плант.
Чемпиондық атағы Геннадий Головкинге тиесілі орта санатта Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орынды сақтап қалды. Үздік үштікке бразилиялық Эскива Фалькао, аустралиялық Майкл Зерафа және Мексика өкілі Хайме Мунгия кіреді.
Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек әлі де 13-ші орында. Әлем чемпионы - тәжікстандық Шавкат Рахимов, ал үшінші орында тұрған француз Самир Зиани.