Өзбекстанның екі ойыншысы Қазақстанмен ойынға қатыспайды

Өзбекстанның екі ойыншысы Қазақстанмен ойынға қатыспайды
Футбол

Өзбекстан футбол қауымдастығы Қазақстанмен болатын жолдастық кездесуге екі ойыншының қатыса алмайтынын хабарлады. 


Бүгінгі матчта өзбекстандық екі жартылай қорғаушы жасыл алаңға шықпайды. 

“Джалолиддин Машарипов пен Ойбек Бозоров денсаулық жағдайларына байланысты Қвзақстанмен жолдастық кездесуге қатыса алмайды”, - деп жазылған хабарламада. 

Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.