Садио Мане әлем чемпионатының алғашқы матчтарын өткізіп алады

Садио Мане әлем чемпионатының алғашқы матчтарын өткізіп алады

"Бавария" шабуылшысы Садио Мане футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчтарында Сенегал құрамасына көмектесе алмайды. 
- Біз алғашқы матчтарды Манесіз ойнаймыз және онсыз жеңеміз деп сенуіміз керек. Бізде одан бөлек 25 футболшымыз бар. Мұндай жағдайдың болғанын ешкім қаламады,дегенмен осылай болып қалдыы, — дейді Сенегал футбол федерациясының өкілі Абдулай Соу.
Еске салайық, "Бавария" командасының және Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане "Вердермен" кездесу кезінде жарақат алып, Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды. 
L'Equipe басылымының мәліметінше, ойыншының ахилес сіңірі зақымданған.
Ағымдағы маусымда Мане "Бавария" үшін 23 матчқа қатысты. 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.