Дзюдодан ел чемпионатында алғашқы мықтылар анықталды

Дзюдодан ел чемпионатында алғашқы мықтылар анықталды
Дзюдо

Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды. 

Жарыстың бірінші күні 4 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар белігілі болды. 

Ерлер арасында 60 кг салмақта атыраулық Қанат Сейілхан чемпион атанды. Маңғыстаулық Мерей Марханбетов екінші, астаналық Ержан Еренқайыпов үшінші орынға ие болды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта алматылық Ғалия Тынбаева жеңіс тұғырына көтерілсе, түркістандық Сара Құлым күміспен күптелді. Үшінші орында жетісулық Ирина Дубовская иеленді. 

52 келі салмақта бірінші астаналық Әйгерім Әбілқадырова, екінші ақмолалық Толғанай Әбеуова және үшінші орынды маңғыстаулық Алмұханбетова Гүлдана алды. 

Қазіргі таңда 66 келі салмақ дәрежесінде ақтөбелік Есет Қуанов алтын жүлде иегері атанды. Екінші орынды жамбылдық Сұңғат Жұбатхан, үшінші орында атыраулық Айболат Ыстыбай мен Ермек Амангелді иеленді.