Жәнібек Әлімханұлы - Әлем чемпионы!

Жәнібек Әлімханұлы - Әлем чемпионы!
Бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қорғау үшін ағылшындық Дензель Бентлимен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. 


12 раундқа созылған жекпе-жекте қазақ боксшысы қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, чемпиондық белбеуін қорғап, Әлем чемпионы атанды. Бұл - Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы 13-жеңісі. 


Сондай-ақ, Әлімханұлы жекпе-жегінің тұңғыш рет 12 раундқа созылғанын атап өту керек.