Сектанттар Манеге көмек бермек
ФИФА бас хатшысы Фатма Самура "Баварияның" шабуылшысы Садио Мане 2022 жылғы әлем чемпионатында ойнайды деген үмітте.
"Біз Садио Мане үшін марабуттарды шақыртпақшымыз. Көмектесе ме, жоқ па - білмейміз, алайда, сенеміз және ол үшін дұға етеміз. Ғажайыптарға сенуіміз керек, Мане әлем чемпионатына қатысуы тиіс", - деді Фатма Самура.
Ал Сенегал құрамасының жанкүйерлері тіпті Катарда 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуді кейінге қалдыруды талап етіп, петиция жасады.
Еске салайық, Сенегалдық "Вердерге" қарсы матчта жарақат алды (6:1).
Сенегалдың бас бапкері Алиу Сиссе әлем чемпионатына қатысатын құрамды бүгін жариялайды. Топтық кезеңде Сенегал құрамасы Катармен, Нидерландымен және Эквадормен ойнайды.