Жәнібек Әлімханұлы: “Өткен жекпе-жектегі нокауттар - нокауттардың басы”

Жәнібек Әлімханұлы: “Өткен жекпе-жектегі нокауттар - нокауттардың басы”
Бокс

13 қараша күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ағылшындық Дензела Бентлимен кездесіп, тұңғыш рет WBO бойынша Әлем чемпионы атағын қорғайды. 


WBO бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Бентлимен болатын жекпе-жегі алдында баспасөз конференциясын өткізді. 


“Өткен жекпе-жектегі нокауттар бәрінің басы болатын. Ертеңгі жекпе-жекте өте жақсы бокс, мықты соққылар мен нокауттар көресіздер”, - деді WBO бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы.


Жәнібек Әлімханұлы мен Дензела Бентли арасындағы жекпе-жек жексенбіде, 13 қараша күні өтетінін естеріңізге сала кетейік.