Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады

Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады
Бокс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген спортшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады.


- Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта. 


Айдос Ербосынұлы өткен жексенбіде кубалық Давид Моррельден 12-раундта нокаутқа түсіп, жеңілген болатын. Одан кейін спортшының жасанды комаға түскені хабарланды. Ал қазір спортшының денсаулығы жақсарып келеді.