10 жылдан соң Олимпиада медалімен марапатталған Шабанбайға пәттер кілті табысталды

10 жылдан соң Олимпиада медалімен марапатталған Шабанбайға пәттер кілті табысталды
Күрес

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер кілті табысталды. 

Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан ісін жаттықтырушы ретінде жалғастырмақ ниетте.

– Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін, – деді Дәулет Шабанбай.

Еске салайық, биыл қыркүйек айында Белградта өткен Әлем чемпионатында Дәулет Шабанбай Олимпиада медалін тапсыру рәсімі өтті. Халықаралық Олимпиада комитеті допинг қолданғаны үшін Өзбекстан чемпионы Артур Таймазов пен Грузия чемпионы Давид Модзманашвилиді Олимпиададан шығару туралы шешім қабылдады. Олимпия ойындарының жүлделерін қайта бөлу нәтижесінде отандасымыз қола медальға ие болды.