Исламбек Қуат "Астананың" негізгі құрамына оралды

Исламбек Қуат
Футбол
Футболшы Исламбек Қуат алты айға жуық уақыт "Астана" құрамында ойнамады.  ​Ойыншы Түркістандағы 21-ші тур аясындағы "Тұранға" қарсы матчта елордалық команда сапында алаңға шықты. Ол соңғы рет 16 сәуірде Орал қаласында "Астана" сапында ойнады, содан кейін бұрынғы тәлімгер Сржан Благоевич Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын жастар құрамасына, бірінші лигаға жіберді. "Астана М" сапында Қуат 12 матч өткізіп үлгерді, соның бесеуінде көзге түсті. Исламбек бірінші лиганың өкілі бола отырып, құрама капитаны қызметін атқарған алғашқы қазақстандық футболшы.