15 жасар қазақ қызы Абу-Дабиде ересектер арасындағы турнир чемпионы атанды

15 жасар қазақ қызы Абу-Дабиде ересектер арасындағы турнир чемпионы атанды
Басқа
Джиу-джитсу мен грэпплингтен бес дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен AJP Tour Asia Continental PRO-GI халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. 15 жастағы спортшы ересектер арасында (18 жастан асқан) 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. "Аллаға шүкір! Құттықтап қойсаңыздар болады. БАӘ Абу Даби қаласында өткен AJP TOUR ASIA CONTINENTAL PRO - GІ турнирінде әйелдер арасында екі кездесу өткізіп жеңіске жеттім, Өзімнің жасым 15 те бола тұра әйелдер арасында Чемпион атандым", - деп жазды спортшы. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров турнирге Жібек Құлымбетовадан басқа тағы үш қазақстандық джитсер қатысқанын мәлімдеді. "Олардың барлығы мықты қарсыластармен жекпе-жекке шықты. Біздің тәрбиеленушіміз Нұрай Алтынбек жасыл белбеу иегерлері арасында екінші орынға ие болды, қара белбеу иегері Самат Айтпанбет, өкінішке қарай, жарақатына байланысты жеңіліп қалды. Қоңыр белбеу иегері Мақсат Мұратұлы да күміс жүлдегер атанды", - деп атап өтті жаттықтырушы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Zhibek Kulumbetova (@zhibek_bjj)